17
март
2025
«Тьюторлық онлайн мектебі» жобасы
«Тьюторлық онлайн мектебі» жобасы
Магниттік мектептердің педагогтеріне қолдау көрсету жобасы бойынша
12.03.2025 ж. күні Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Кошкимбаева Асель және Мырзатай орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Мамаева Асель 8 сыныпта «Қ. Сәтбаев - жан-жақты ғалым. Қаныш Сәтбаевтың феномені неде?» тақырыбында дуэттік сабақ өтті. Сабақта оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау әрекеттерін, зерттеушілік және талдау дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Ойлан, бөліс, бірік»,
«Кел жұптасайық», «Тарсия» сынды белсенді әдістерді қолдана отырып өз мақсаттарына жете білді. Сабақ қызықты әрі танымды өтті.