21
февраль
2025
«Тьюторлық онлайн мектебі» жобасы бойынша, «Сабақты зерттеу (Lesson study) мұғалімнің кәсіби өсу құралы» тақырыбында Мырзатай, Еңбек, Н.Ақшабаев атындағы орта мектептерінің мұғалімдерінің қатысуымен тәжірибелік семинар өтті.
Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиямызда «Тьюторлық онлайн мектебі» жобасы бойынша, «Сабақты зерттеу (Lesson study) мұғалімнің кәсіби өсу құралы» тақырыбында Мырзатай, Еңбек, Н.Ақшабаев атындағы орта мектептерінің мұғалімдерінің қатысуымен тәжірибелік семинар өтті.
Семинар мақсаты: Оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Study әдісін ұсыну. Тәжірибені жетілдіру ретінде Lesson Studyді қалай пайдалануға болатынын көрсету.
Семинар теориялық және практикалық бөлімдерден тұрды.
Практикалық бөлімде семинарға қатысушылар 4, 5, 10 сыныптардың зерттеу сабақтарына қатысып, өзара зерттеу тобын құрып А,В,С деңгейіндегі оқушыларға бақылау жасады. Сонымене бірге оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру мәселесі бойынша өзара іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында қонақтар семинарға жоғары баға беріп, ұйымдастырушы тренер мұғалімдерімізге, зерттеу сабақтарының топ мүшелеріне алғыстарын білдірді.