
Мектеп-гимназияда «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 7-сынып оқушылары арасында «Денсаулық» эстафеталық ойын ұйымдастырылды. Эстафетаны аға тәлімгер мен денешынықтыру пәні мұғалімдері Мырзатай Б, Әлімжанұлы Б. ұйымдастыруымен өткізді. Ойын соңында белсене қатысқаны үшін барлық командалар дипломдармен марапатталды. Эстафета мақсаты – бұл оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануға, денсаулықты жақсартуға және белсенді өмір сүруге ынталандыратын іс-шара.