23
июнь
2023
ЭСТАФЕТАЛЫҚ ОЙЫН ӨТКІЗІЛДІ!
Бүгін мектеп-гимназияда "Біз бақытты баламыз" жазғы сауықтыру лагерінің қызметкерлері арасында "Жүзден жүйрік" атты эстафеталық ойын өткізілді. Лагерь қызметкерлері кедергілерден өту, таяқшамен жүгіру, қаппен секіру, допты нысанаға дәл түсіру, арқан тарту кезеңдері бойынша сайысқа түсті. Белсене қатысқаны үшін барлық командалар дипломдармен марапатталды.










