16
январь
2025
КУРСАНТТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
КУРСАНТТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
️Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында алғашқы әскери және технологиялық дайындық жетекшісі Сарыбаев Ертай Райымкуловичтің ұйымдастыруымен Қорғаныс Министрінің жоғары оқу орындарының курсанттары Бозтаев Ерасыл Қалдыбекович, Байтаков Нұрхат Абдібекұлы, Сағындық Мұхамед Батырханұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында курсанттар Қорғаныс Министрінің жоғары оқу орындарында білім алу, әскери мамандықтарға қойылатын біліктіліктер мен дағдылар, мамандықтың мансаптық болашағы туралы кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жүргізді.