06
январь
2025
МЕКТЕПІШІЛІК СЕМИНАР «Бастауыш сынып пәндерінде құндылыққа бағытталған білім беру» тақырыбында бастауыш сынып бірлестігінің мұғалімдері семинар-практикум ұйымдастырып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
МЕКТЕПІШІЛІК СЕМИНАР
«Бастауыш сынып пәндерінде құндылыққа бағытталған білім беру» тақырыбында бастауыш сынып бірлестігінің мұғалімдері семинар-практикум ұйымдастырып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар барысында оқу бағдарламаларының мақсаттарын іске асыру арқылы білім алушылардың бойына ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру оқу-тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатыны аталып өтті.
Іс шара аясында ұстаздар топтаса отырып, құндылыққа негізделген тапсырмалар құрастыру, ұлттық құндылықтар бойынша мәтінмен жұмыс жасау тапсырмаларын орындады.
Құндылық тақырыбы қай уақытта да өзекті болған, бола да бермек. Құндылықтарға сабақта арнайы тоқтаудың қажеті жоқ, ол үнемі кез-келген сабақтың өн бойында көрініп тұруы керек деген тұжырым жасалды. Іс-шара барысында өте маңызды, құнды ақпараттар айтылды. Ұйымдастырушылар мен іс-тәжірибесімен бөліскен педагогтерге алғыс білдіреміз.