20
апрель
2023
Ұстаз ізденгіш болуы, ойлай білуі, қандай істі болсын, бар ынтасымен атқара білуі керек.(В. Маяковский)
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес 2023 жылдың 19 сәуірінде Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының базасында "Құзыреттілікке бағытталған кәсіби технологиялар" тақырыбында аудандық семинар-практикумы өтті. Семинар-практикумның мақсаты: көркем еңбек, бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды еңбек, өнер түрлері мен ұлттық қолөнерге баулу арқылы кәсіби құзыреттіліктерін жетілдірудің және ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудің тиімді жолдарымен бөлісу, өзара тәжірибе алмасу. Семинар-практикумға аудандық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының көркем еңбек және бейнелеу өнері пәндерінің мұғалімдері қатысты. Іс-шара барысында 2 ашық сабақ, 4 шеберлік сынып ұйымдастырылып, мектеп-гимназияның көркем еңбек және бейнелеу өнері пәнінің мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті.














