04
январь
2024
БІЛІМ НЕГІЗІ - БАСТАУЫШ
2024 жылдың 4 қаңтарында Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында «БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ: МЕКТЕП ЖӘНЕ ЖАНҰЯ» тақырыбында аудандық семинар-кеңес өтті. Семинар-кеңеске аудандық білім беру мекемелерінің бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің жетекшілері және білім бөлімінің әдіскері Данаева А.Т. қатысты. Семинар-кеңес барысында бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік дағдыларын дамытудағы ата-ана, ұстаз және әлеуметтік ортаның атқаратын ролі жан-жақты қарастырылып, алдағы осы бағытта атқарылатын жұмыс бағыттары айқындалды.






