АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ. Мектеп-гимназиямызда биология пәні мұғалімдеріне арналған «Биология пәнін оқытудағы заманауи трендттер мен инновациялар» тақырыбында аудандық семинар өтті. » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» » АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ. Мектеп-гимназиямызда биология пәні мұғалімдеріне арналған «Биология пәнін оқытудағы заманауи трендттер мен инновациялар» тақырыбында аудандық семинар өтті.
20
декабрь
2024

АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ. Мектеп-гимназиямызда биология пәні мұғалімдеріне арналған «Биология пәнін оқытудағы заманауи трендттер мен инновациялар» тақырыбында аудандық семинар өтті.

АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ.
Мектеп-гимназиямызда биология пәні мұғалімдеріне арналған «Биология пәнін оқытудағы заманауи трендттер мен инновациялар» тақырыбында аудандық семинар өтті.
Мақсаты: Биологияны оқытудың жаңа әдістері мен технологияларын таныстырып, педагогтердің кәсіби дамуын қолдау.
Семинар барысында биология пәні мұғалімдері Калданова Клара Мубараковна бастаған жас мамандарымыз Оспанова А., Асанова Г. «Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі. Диализ және бүйрек трансплантациясы», «Нейрокомпьютерлік интерфейс. Компьютер мен ми арасындағы ақпарат алмасу жүйесі.», «Тыныс алу мүшелері. Адамның тыныс алу жолдарының құрылысы мен газалмасу мүшелері.» тақырыптарында  ашық сабақтар өтті.
Сабақтарында оқушы қызығушылығын, сабақтың тиімділігін арттыру мақсатында түрлі заманауи трендттер, әдістер қолданды. 
Сонымен қатар, пән мұғалімдеріміз Андабаева Ж., Юсупова А. «Биология пәнін оқытудағы заманауи трендттер мен инновациялар» тақырыбында коучинг ұйымдастырып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.  
Семинар жоғары дәрежеде өтіп,  ұстаздарымыз аудандық білім бөлімі тарапынан «Алғыс хатпен» марапатталды.
Ұстаздарымызды  шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да мектебіміздің абыройын асқақтатарына сенім білдіреміз!