
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ!

Мектеп-гимназияда “Біртұтас тәрбие” бағдарламасының негізінде Амалбекова Махаббаттың ұйымдастыруымен 5 “Б” сыныбының ата-аналар жиналысы өтті.Жиналыс барысында II тоқсан қорытындысы, бала қалыптасуындағы отбасылық қарым-қатынастың рөлі туралы талқыланды. Сонымен қатар тренинг жүргізіліп, ата-аналардың ынтымақтастығын арттыру мақсатында сергіту сәттері ұйымдастырылды. Ата-аналар сынып жетекшіге деген ұсыныс-тілектерін білдіріп, алдағы уақытқа бірлескен іс-шаралар жоспарын жасап, керемет көңіл-күймен тарқасты.