25
декабрь
2024
АДАЛ ЖАСТАР- КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ
АДАЛ ЖАСТАР- КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ
Мектеп-гимназияда «Адал жастар-кемел келешек кепілі» тақырыбында 9—10—11 сынып оқушыларымен кездесу өтті. Кездесуге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Ермеков, кеңес мүшелері Шары Абдрасилов, Өсер Нұрбаев, аудандық аналар алқасының төрайымы Шырын Қапарова қатысты.
Кездесуде Президент Жолдауы, ұрпақ тәрбиесі, отбасы құндылығы, туралы мәселелер сөз болды. Атап айтсақ, "Адал жастар – кемел келешек кепілі" деген ұран бүгінгі қоғамда аса маңызды мағынаға ие. Бұл сөздер жас ұрпақтың адалдық, тәртіп, білім, және жауапкершілік сияқты қасиеттерді бойларына сіңіруі арқылы болашақтың жарқын әрі тұрақты болатынын білдіреді.