ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ! » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

28
ноябрь
2023

ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ!

Қыз балаларға адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту және жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік жолға түспеуге тәрбиелеу мақсатында "Қыз Жібек" қыздар клубының кезекті жиналысы өткізілді. Қыздар жиналысына аудандық жастар денсаулық сақтау орталығының гинеколог маманы М.Қожахметова, аудандық жастар денсаулық сақтау орталығының әлеуметтік қызметкері Каржавова Ф. қатысып, «Репродуктивтік денсаулық-әр адам үшін маңызды» тақырыбында қыз балалармен кездесу өткізді. Кездесу барысында қыздар арасындағы ерте жүктіліктің салдары, денсаулыққа зияны, өмірге қауіптілігі туралы әңгіме жүргізіліп, қыздардың жеке бас гигиенасы жайлы түсіндірме жұмыстарын жасады. Сонымен қатар директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рахимова Г. қыздарға зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерте отырып, есірткі, ішімдік және темекінің келешек өмірлеріне, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндірді.