15
декабрь
2023
ТӘУЕЛСІЗДІК БӘРІНЕН ҚЫМБАТ!
16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. Айбарлы азаттығымыздың, тұғырлы Тәуелсіздігіміздің мерекесіне орай мектеп-гимназияда 1-11-сынып аралығында “Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы”, “Ұлт тұмары-Тәуелсіздік” тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді.
Тәрбие сағаттарында еліміздің Тәуелсіздікке жету жолындағы тарихына түсінік беріліп, тақырыптық бейнематериалдар мен презентациялар көрсетілді. Тәуелсіздік туы желбіреген жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерді айта отырып, еліміздің Тәуелсіздігі үшін күрескен және сол мақсаттарға жету барысында өзінің елі, халқы үшін жастық өмірін қиған аға ұрпақтың ерлік істері таныстырылды. Тарихты бағалай білуге үйрете отырып, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеуді мақсат еткен тәрбие сағаттары өз мәресіне жетті.












