14
декабрь
2024
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ерекше рухани, әрі патриоттық шара өтті.
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ерекше рухани, әрі патриоттық шара өтті. "Жетістігімді еліме арнаймын" челленджі аясында оқушыларымыз бүкіл елдің жүрегіне жақын болған "Атамекен" әнін орындады.
Әнді оқушылар шынайы ықыласпен орындап, елге деген махаббатын, тәуелсіздікке деген құрметін көрсетті.
Ән шырқалған сәтте патриоттық сезім ерекше көрініс тауып, барлық қатысушыларға әсерлі рух сыйлады.