«Жас ұлан», «Жас қыран» ұйымына қабылдау » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» » «Жас ұлан», «Жас қыран» ұйымына қабылдау
15
декабрь
2020

«Жас ұлан», «Жас қыран» ұйымына қабылдау

       Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16-желтоқсанында аталып өтеді. 
Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп – гимназиясында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар ұйымына мектеп тәлімгерінің ұйымдастыруымен  2-5 сынып оқушылары салтанатты түрде қабылданды. Іс-шараға білімді де білгір, талапты да талантты 20 оқушы Отанын сүюге ант берді.  10 оқушы «Жас ұлан», 10 оқушы «Жас қыран» ұйымына қабылданды. 
 Бүгінгі  жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейді.
Оқушылар ант беру рәсімін бастамас бұрын ең алдымен қолдарын кеуделеріне қойып, мемлекеттік Гимнді орындады. Сонымен қатар мектеп-гимназия директоры Г.С.Ермековаға сөз берілді.
Жасөспірімдердің мойындарына байрақ түстес көк галстук және кеуделеріне төсбелгі тағылып, сертификаттармен марапатталды.