26
сентябрь
2022
«Жас STAR» ӨЗІН – ӨЗІ БАСҚАРУ ҰЙЫМЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ.
Өзін-өзі басқару ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың мектепті басқаруға қатысу құқықтарын жүзеге асыру, жарқын ұйымдастырушылық қасиеттері бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, өз бетімен шешім қабылдай алатын, жауапты және тәртіпті, дербес таңдау жасауға дайын, белсенді өмірлік ұстанымы қалыптасқан қабілетті көшбасшы тәрбиелеу. Осы орайда мектеп-гимназиясының «Жас STAR» өзін – өзі басқару ұйымының биылғы оқу жылындағы алғашқы отырысы өткізілді. Мектептегі өзін – өзі басқару ұйымының жаңа фракция мүшелері сайланып, атқаратын лауазымдық міндеттерімен таныс болды.








