21
сентябрь
2023
МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ САЙЛАУ-2023!
Бүгін мектеп-гимназияда мектеп парламентінің президенті лауазымына ұсынылған кандидаттар сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Өзін-өзі басқару парламенті президентіне үміткер 8 кандидат мектеп-гимназия оқушыларын өз жоспарларымен таныстырып, оқушылардың сұрақтарына еркін форматта жауап беріп, мақсаттарымен бөлісті.
Жастарымыздың басқару, ұйымдастыру жұмыстарына етене араласуы болашаққа басқан қадамдары деп білеміз. Алдағы сайлауда кандидаттарға сәттілік тілейміз!


