03
июнь
2024
ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ!
3 маусым күні мектеп-гимназияда "Біз бақытты баламыз" жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына "Ертегілер әлемінен" қонақтар келіп, оқушылармен бірге көңіл көтерді. Әуелеген әсем әндер шырқалып, мың бұралған билерден шашу шашты. Мектеп-гимназия директоры Ермекова Гүлбахрам Серікқызы лагерь қатысушыларын ашылу салтанатымен құттықтап, бұл кезеңді жеке басының жақсы жақтарын ашып көрсетуге, рухани және эмоциялық құндылықтардың алмасуына, мүдделерін жүзеге асыру үшін пайдалану керектігін айта кетті. Сонымен қатар лагерьде ұйымдастырылатын шараларға белсене қатысуға шақырды.