
”ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ” БІРЛЕСТІГІНІҢ ПӘНДІК АЙЛЫҒЫ ЖАЛҒАСУДА!

Мектеп-гимназияда 14 наурыз күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Амалбекова Махаббаттың ұйымдастыруымен 10-сыныптардың арасында «Ұлықтаймыз ұлы тұлғаны» тақырыбында интеллектуалды ойын өтті. Интеллектуалды ойын Бейімбет Майлин және Алаш зиялыларының өмірі мен шығармашылығын насихаттауды көздеді. Оқушылар «Aqyl battle», «oi-zerek», «3 сурет 1 сөз», «shyraq» кезеңдері бойынша сынға түсіп, өздерінің жан-жақтылығын көрсете білді. Сонымен қатар ойынға төрелік танытқан әділқазы алқалары алға шыққан командаларға диплом табыстап, ойынға белсене қатысқандары үшін алғыстарын білдірді.
Ойынның мақсаты — оқушылардың танымдық интеллектуалдық қабілетін арттыру, шығармашыл әрі еркін ойлай алатын оқушылар ортасын қалыптастыру