24
октябрь
2023
СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 130 ЖЫЛ!
Мектеп-гимназияда 24 қазан күні «ЖасStar» өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына орай «Ұлықтаймыз ұлы тұлғаны» акциясының барысында интеллектуалды ойын өткізді. Интеллектуалды ойын Сұлтанмахмұт Торайғыров пен Алаш зиялыларының өмірі мен шығармашылығын насихаттауды көздеді. Оқушылар «Aqyl battle», «oi-zerek», «3 сурет 1 сөз», «shyraq» кезеңдері бойынша сынға түсіп, өздерінің жан-жақтылығын көрсете білді. Сонымен қатар ойынға төрелік танытқан әділқазы алқалары алға шыққан командаларға диплом табыстап, ойынға белсене қатысқандары үшін алғыстарын білдірді.
Ойынның мақсаты — оқушылардың танымдық интеллектуалдық қабілетін арттыру, шығармашыл әрі еркін ойлай алатын оқушылар ортасын қалыптастыру.




