20
ноябрь
2023
КӨРКЕМ МІНЕЗ-БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҚ!
Мектеп-гимназияда 18 қараша күні «Жан-Нұры» ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының бағдарламасы бойынша ата-аналарға арналған екінші сабақтар өткізілді. 10-11– сынып оқушыларының ата-аналары арасында «Көркем мінез-баға жетпес байлық» тақырыбындағы сабақты шығармашылық топтың мүшесі Қадырова Жансая жүргізді. Сабақтың басы психологиялық ахуал қалыптастырумен басталып, негізгі эмоциялар туралы түсіндірме жұмыстарының жүргізілуімен жалғасын тапты. «Көркем мінез-баға жетпес байлық» тақырыбының аясында «Қорқыныш, ашу, ыза, қайғы, қуаныш» туралы топтық жұмыстар орындалды. «Менің ойымша...» атты ситуациялық сұрақтар қойылып, «Кім жылдам?» әдісі арқылы сергіту сәті іске асты.
@oqu_agartu_ministirligi
@gani.beisembayev
@medetbekovameruert






