«КИБЕРБУЛЛИНГСІЗ ӘЛЕМ» АПТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ! » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» «КИБЕРБУЛЛИНГСІЗ ӘЛЕМ» АПТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ!
14
ноябрь
2023

«КИБЕРБУЛЛИНГСІЗ ӘЛЕМ» АПТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ!

Мектеп-гимназияда 14 қараша күні буллинг, кибербуллингтің алдын алу мақсатында «Кибербуллингсіз әлем» апталығының ашылуы өтті. Ашылу жиынында директордың құқықтық-тәрбие ісі жөннідегі орынбасары Алтынбеков Д.Б. сөз сөйлеп, қазіргі қоғамдағы кибербуллинг мәселесінің өзекті мәселеге айналғанын тілге тиек етті. Өзін-өзі басқару ұйымы, «Құқық және тәртіп» фракциясының жетекшісі Арқабек Нұрбол буллинг және кибербуллингтің алдын алу бойынша кеңестер айтып, кибербуллингтің негізгі белгілерін атап өтті. 
Мақсаты:
“Буллинг”, “Кибербуллинг” сөздерінің мағынасын ашу, таныту;
Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу;
Әлеуметтік желілер, онлайн ойындар және лездік хабарламалар қосымшалары арқылы интернеттегі психологиялық зорлық-зомбылықтарды болдырмау;
Сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.