ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ҚҰҚЫҚ АЙЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ! » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ҚҰҚЫҚ АЙЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ!
02
февраль
2024

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ҚҰҚЫҚ АЙЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ!

Қазіргі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Осы орайда бүгін мектеп-гимназияда «Құқықтық тәрбие – құқық бұзушылықтың алдын алу» атты құқық айлығының ашылу салтанаты болып өтті. Жиналыс барысында директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алтынбеков Дархан алғы сөзге шығып, «құқық, құқықтық тәрбие» ұғымына анықтама беріп, оқушыларды құқықтары және міндеттерімен таныстырды. ДТІЖО Рахимова Гүлнұр оқушыларды қылмысқа ұрынбауына, өздігінен өмірдегі мəселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдауына, келеңсіз, жағымсыз жағдайлардан тартынуына, қоғамда пайдалы іспен шұғылдануын тілге тиек етіп, құқық айлығының барысында атқарылатын іс-шаралармен таныстырып, белсенді қатысуға шақырды.