02
ноябрь
2023
ЭСТАФЕТАЛЫҚ САЙЫС ӨТТІ!
Мектеп-гимназияда оқушылардың күзгі демалысын тиімді өткізу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 9-сыныптардың арасында “Денсаулық сақтаудың 6 шарты-таза ауа, дұрыс тамақтану, қозғалыс, тыныш ұйқы, жақсы көңіл-күй, күйзеліске түспеу” тақырыбында эстафеталық сайысы өтті. Сайысқа 3 команда қатысып, кедергілерден өту, теннис добымен жүгіру, арқан тарту, т.б. бөлімдер бойынша сайысқа түсті.







