ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ! » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

19
октябрь
2023

ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ!

Бүгін мектеп-гимназияда «Қыз Жібек» қыздар клубының мүшелерімен адамгершілік-жыныстық тәрбиелеу, жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын нығайту мақсатында «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.У.Рахимова өз сөзінде қыз балаға берілетін тәрбиенің маңызы, қоғамда қыз бала тәрбиесінде жіберіліп жатқан олқы тұстарды тілге тиек ете отырып, қыздардың тән мен ар тазалығы туралы түсіндіріп, бесігінде жақсы тәрбие алған қыз бала ертеңгі ана екендігін еске салып, беймезгіл уақытта қыдырмау, өзін дұрыс ұстау, ерсі қылықтар жасамау керектігін айтып өтті. Келесі кезекте сөз алған мектеп медбикелері қыздар арасындағы ерте жүктіліктің салдары, денсаулыққа зияны, өмірге қауіптілігі туралы ауқымды әңгіме жүргізіп, қыздардың жеке бас гигиенасы, тазалығы жайлы түсіндірме жұмыстарын жасады. Қыз баланы тәрбиелеу - ұлтты тәрбиелеу. Қыз балалар арасында жат қылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейте отырып, еркін пікір алмасу болып, кері байланыс жүргізілді.