ТАРИХИ ТАНЫМДЫҚ КЕШ ӨТТІ! » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

13
октябрь
2023

ТАРИХИ ТАНЫМДЫҚ КЕШ ӨТТІ!

“Төрт тоқсан-төрт өнер” ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының аясында «Ұлы даланың ұлы есімдері» тақырыбында танымдық кеш өтті. Тарихи танымдық кеш ұлы тұлғалар туралы бейнеролик көрсетумен басталды. Тарих пәнінің мұғалімдері Сыздықова Айжан , Кадырова Жансая тарихи тұлғалар жайында деректер келтіріп, құнды мәліметтер берді. Оқушылар ұлы даланың ұлы есімдерін атап, олар жайында ой бөлісті. «Тұлғаны таны» бөлімі бойынша тұлғалардың бейнесін жасырып , тұлғалар жайында сұрақтарға жауап берді. Мектеп кітапханашысы Диханбаева Динара ұлы даланың ұлы есімдеріне байланысты тарихи тұлғалар жайындағы кітаптармен таныстырып өтті.