05
октябрь
2023
ҰСТАЗ – ҰЛЫ ТҰЛҒА!
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім — тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт — бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
Осы орайда мектеп-гимназияда 5 қазан – ұстаздар күнінің қарсаңында 11-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Ұстаз – ұлы тұлға» тақырыбында мерекелік кеш өтті. Кеш шымылдығы мектеп-гимназия директоры Ермекова Гүлбахрам Серікқызының құттықтау сөзімен басталып, өнерлі оқушыларымыздың ән-билерімен жалғасын тапты. Сонымен қатар шәкірт тәрбиелеу жолында талмай еңбек еткен және білім саласына үлесін қосып жүрген мұғалімдер салтанатты түрде марапатталды. Жүрегіне гүл ұялатқан кеште ұстаздарымыз жылы лебіздерін жеткізді.
Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу – аса жауапты әрі күрделі міндет. Әрбір ұстаз құрметке лайықты. Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің арқасында алда талай Елін сүйетін, білімді жас ортаға қосыларына кәміл сенеміз.


