05
сентябрь
2023
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ АТАСЫ!
Бүгін мектеп-гимназияда 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің атасы» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Оқушылар көрме барысында Ахмет Байтұрсынұлының еңбектеріне тоқталып, кітаптарымен танысты. Сонымен қатар ағартушының өнегелі өмірінен тың деректер алды.
Мақсаты: қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени , тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға-Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.



