03
октябрь
2023
СПОРТТЫҚ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ!
"Дене шынықтыру және АӘжТД сабақтарында саралап оқытуды ұйымдастырудың тиімді жолдары" тақырыбындағы дене шынықтыру және АӘжТД пәндерінің әдістемелік айлығының жоспарына сәйкес мектеп-гимназияда "Спорттық үйірмелер жәрмеңкесі" ұйымдастырылды. Мектеп-гимназияда 5 спорт түрі бойынша үйірме жұмысы жүргізіледі. Олар: футбол, гандбол, волейбол, дойбы және жеңіл атлетика.
Іс-шараның мақсаты: оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және оқушылардың спортта жеткен жетістіктерін жарнамалау арқылы үйірмеге оқушыларды тарту, қызығушылығын арттыру.



