02
октябрь
2023
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ АӘжТД ПӘНДЕРІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК АЙЛЫҒЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ!
Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының 2023-2024 оқу жылына арналған мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес 2023 жылдың 2 қазанында "Дене шынықтыру және АӘжТД сабақтарында саралап оқытуды ұйымдастырудың тиімді жолдары" тақырыбындағы дене шынықтыру және АӘжТД пәндерінің әдістемелік айлығы өз жұмысын бастады. Айлық жоспарына сәйкес "Спорттық үйірмелер жәрмеңкесі" мен әдісдемелік бірлестіктер арасында "Көңілді эстафета" өткізілді. Іс-шараға 9 бірлестіктен командалар қатысып, жеңімпаздар дипломдар және естелік сыйлықтармен марапатталды.
















