14
сентябрь
2023
ОТАНЫМЫЗДЫҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ-ОТБАСЫ!
Бүгін мектеп-гимназияда Отбасы күніне орай «Әкем, анам және мен» тақырыбында отбасылық спорттық сайысы өтті. Отбасылық сайыс жылдамдыққа жүгіру, кедергілерден өту, секіртпемен секіру, арқан тарту, құрсаулар арқылы жүгіру бойынша бірнеше бөлімдерден өтті. Тәлімді шараға қатысқан отбасылар өздерін жан-жақты көрсете білді.
Мақсаты: Ата-аналарды мектеп өміріне тарту, мектеп пен ата-ана арасында ынтымақтастық орнату. Балалар мен ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауатты өмір салтын насихаттау. Халықаралық отбасы мерекесін атап өту.




