15
май
2023
"БІЗ БАҚЫТТЫ ЖАНҰЯ" ОТБАСЫЛЫҚ ЭСТАФЕТАЛЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ!
15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында аудандық "Біз бақытты жанұя" отбасылық эстафеталық сайысы өтті. Сайысқа 9 отбасы қатысып, өзара бақ сынады. Тартысты сайыстың нәтижесінде отбасы жеңімпаз атанып, дипломдар мен алғыс хаттар берілді. Тәлімді шарада өздерінің жан-жақты екенін көрсете білген барлық қатысушыларға сыйлықтар табыс етілді.
Іс-шараның басты мақсаты — отбасылық құндылықтарды өскелең ұрпақтың бойына сіңіре отырып, салауатты өмір салтын насихаттау.







