15
июнь
2023
ТӘТТІ БАЛМҰЗДАҚТАР ТАРАТЫЛДЫ!
Бүгін мектеп-гимназияда "Біз бақытты баламыз" жазғы сауықтыру лагерінің 1-кезеңінің аяқталуына орай мерекелік кеш өтті. Әсем ән шырқалып, балалар мың бұрала би билеп, шаттыққа бөленді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Біржанова Эльмира Сабитқызы балаларға сәттілік, қуанышқа толы демалыс тілей отыра, тәтті балмұздақтар таратты.






