29
июнь
2023
ӘСЕМ БАЙТАҚ ДАЛАМЫЗ, СҰЛУ КӨРКЕМ ҚАЛАМЫЗ. ТУҒАН ЕЛДЕ ЕР ЖЕТКЕН, БІЗ БАҚЫТТЫ БАЛАМЫЗ!
29 маусым күні мектеп-гимназияда "Біз бақытты баламыз" жазғы сауықтыру лагерінің жабылуына орай салтанатты жиын болып өтті. Жиын ертегілер әлемі кейіпкерлерінің биімен басталып, бүлдіршіндеріміздің әсем әндерімен, мың бұралған бишілеріміздің билерімен жалғасын тапты. Лагерь барысында белсенділік танытқан балаларды марапаттау және жабылу салтанатына орай құттықтау мақсатында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Біржанова Эльмира Сабитқызы сөз сөйлеп, балаларға алғыс хаттар мен тәтті балмұздақтар таратты.
Лагерь ұжымы демалуға келген тынығушының қуанышты сезіммен үйіне оралуына себепкер болып, жазғы демалысын қызықты өткізіп, өз жұмысын жақсы атқарды деген ойдамыз. Жылдағы дәстүр бойынша, лагерь келесі жылы өз жалғасын тауып, жағымды жаңалықтарымен қуантатын болады.










