19
май
2023
ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТТІ!
19 мамыр күні мектеп-гимназияда Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орай тарих пәнінің мұғалімі Кошкимбаева Асел «Сұлтан Бейбарыс – Дешті Қыпшақ перзенті» тақырыбында 6-сынып оқушыларымен тәрбие сағатын өтті. Тәрбие сағаты барысында Сұлтан Бейбарыстың өмір жолдарынан қысқаша бейнеролик көрсетіліп, тың деректер берілді. Оқушылар топтаса постер қорғап, Сұлтан Бейбарыстың дана, көрнекті қолбасшы екенін ұғынды. Сабақ әсерлі өтіп, кері байланыс жүзеге асты.
Мақсаты: Сұлтан Бейбарыстың Шығыс пен Батыстың кіндігі болған Мысыр елінің гүлденуіне, мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілуіне қосқан үлесін түсіндіру.





