18
май
2023
ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ!
Қазіргі таңда кәмелеттік жасқа толмаған оқушылардың көлік жүргізу оқиғалары жиілеп кетті. Осыған орай мектеп-гимназияда 18 мамыр күні ДҚТІЖО Кенжалиев Шыңғыс Темірбекұлы ұл балалардың арасында «Қоғамдық тәртіпті сақтау-баршаға ортақ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында кәмелеттік жасқа толмағандардың көлік айдауға тыйым салынғандығы туралы айтылып заң алдында жауапкершілікке тартылатыны ескертілді. Сонымен қатар құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оқушыларды беймезгіл уақытта көшеде, ойын-сауық орындарында жүрмеуге, жат әрекеттерден аулақ болуға шақырды.






