05
май
2023
СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ!
5 мамыр күні мектеп-гимназияның 1 және 2-ауысымның сынып жетекшілері жиналысы өткізілді. 1, 7, 9 - мамыр мереке күндеріне орай оқушылардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектеп инспекторлары тәртіпбұзушылық пен қылмыстың алдын алу, оқушылардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарына бармауы, беймезгіл уақытта ата-аналарынсыз жүрмеуі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар ата-ана мен сынып жетекші үнемі тығыз байланыста болуы қажеттігі ескертілді.






