13
апрель
2023
ҮЛКЕНГЕ-ҚҰРМЕТ, КІШІГЕ-ІЗЕТ!
Бүгін мектеп-гимназияда «Әдептілік – адамгершілік әліппесі» апталығының барысында 1 «Ж» сыныбының жетекшісі Сатенова Айнұр «Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет» тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Тәрбие сағаты ынтымақтастық ортасын қалыптастырумен басталып, мәтінмен жұмыс жүргізілді. Оқушылар мәтінді оқып, талдау арқылы адамның әр ісінде, жүріс-тұрысында сыйластық қажет екенін ұғынды. Сонымен қатар «Құрмет-ізет» ағашы ойын-жаттығуы жүргізіліп, кері байланыс жүзеге асты.










