14
апрель
2023
СІЗ ДЕГЕН – ӘДЕП, БІЗ ДЕГЕН – КӨМЕК!
14 сәуір күні мектеп-гимназияда «Әдептілік – адамгершілік әліппесі» апталығының барысында 1 «Г» сыныбының жетекшісі Аманова Ақтоты «Сіз деген – әдеп, біз деген – көмек» тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Тәрбие сағаты барысында тақырыптық бейнеролик көрсетіліп, топтық жұмыстар орындалды. Оқушылар өз жұмысында әдеп, сыйластық ұғымдарының мәнін ашып көрсете білді. Сонымен қатар әнші балапандар ән-жырдан шашу шашып, сахналық қойылым көрсетті. «Жүректен жүрекке» әдісі арқылы бір-біріне ыстық лебіздерін жеткізіп, «Инстаграм» әдісі арқылы кері байланыс жүзеге асты.




















