16
февраль
2023
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – ҚҰНДЫЛЫҚ БАСТАУЫ!
16 ақпан күні мектеп-гимназияда «Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы» апталығының аясында 7 «Г» сыныбының жетекшісі Шынықова Р.Т. «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Сабақ барысында қоғамдағы ұл бала мен қыз баланың айрықша орны туралы айтылып, тәрбиеге байланысты тыйымдарға тоқталды. Сонымен қатар, оқушылар сабақ барысында тақырыптық сұрақтарға жауап беріп, топтық жұмыстарды орындап, жағдаяттарды шешті. Оқушылар сабаққа белсене қатысып, кері байланыс жүзеге асты.
Мақсаты: жас ұрпақтың бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіре отырып, тәлім-тәрбие негізінде танымдық көзқарасын, ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру, адамгершілікке үндеу.





