13
апрель
2023
ӘКЕЛЕР ФОРУМЫ ӨТТІ!
13 сәуір күні мектеп-гимназияда «Қамқор әке – бақытты балалық» тақырыбында әкелер форумы өтті. Форумның ашылу салтанатында сөз алған мектеп директоры Ермекова Гүлбахрам Серікқызы тағылымы зор, тәлімі мол жиынның мақсаты отбасындағы әке рөлін көтеру екендігін атап өтті. Форумға «Тағылым» аталар кеңесінің төрағасы Бахтияров Кеңесбай мен «Ұлағат» әкелер мектебінің төрағасы Дильдакулов Қайсар қатысты. Форум жүргізілу тәртібіне орай 2 кезеңге бөлінді. 1-кезеңде спикерлер «Бала тәрбиесіндегі қоғам және ата-ана», «Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі» тақырыбында баяндама оқыса, 2-кезеңде «Ұлағат» әкелер мектебінің мүшелеріне арналған тренингтер мен спорттық сайыстар жүргізілді. Сонымен қатар әнші балапандарымыз әкелерге арнап әннен шашу шашты.


















