28
декабрь
2020
«Әке алыбым, асқар тауым»
Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп – гимназиясында ДҚТІЖО Кенжалиев Шыңғыс "Ұлағат" әкелер клубының жоспарына сәйкес WhatsApp желісі арқылы «Әке алыбым, асқар тауым» тақырыбында 5 сыныптар арасында ашық хаттар жазу ұйымдастырды. Ашық хаттың мақсаты: жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру, әкеге деген бала махаббатын ояту. Оқушылар әкелерін сыйлау, құрметтеу, сыйластықтары туралы өз ойларын хатқа ашық жеткізді.












