









Ұлыстың ұлы күні Наурыз – жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс-берекенің арқауы, тек адамзаттың ғана емес, табиғаттың да жаңарып, бой түзейтін шағы. Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, төрт түлік төлдеп, арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген Наурыз мерекесі қарсаңында 16 наурыз күні мектеп-гимназияда «Армысың, әз Наурыз!» тақырыбында мерекелік кеш өтті. Қазақылықтың иісі аңқыған кеш шымылдығы бата берумен ашылып, әжелеріміз тойдың ашылуына шашуларын шашты. Сонымен қатар әншілеріміз әсем әндерін шырқаса, мың бұралған бишілеріміз билерімен көрермен көзайымына айналды. Кеш барысында 2-сыныптың ұстаздары мен оқушылары «Бесікке салу» дәстүріне сахналық қойылым қойды.