01
март
2023
1 НАУРЫЗ - АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ!
Мектеп-гимназияда 1 наурыз "Алғыс айту" күніне орай "Алғысым шексіз" атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік кеш барысында оқушыларымыз ән айтып, би билесе, домбырашылар күйлерімен кешімізге көрік берді. Сонымен қатар оқушыларымыздың тілек-ниеттері топтастырылған "Алғыс айтудан шаршамаймын" бейнеролигі көрермен назарына ұсынылды.
Іс-шараның мақсаты: жанұяға, ата-анаға, ұстазға, үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасты дамыту.
Алғыс айту күні құтты болсын!






