15
март
2023
БЕРЕКЕНІҢ МЕЙРАМЫ – ӘЗ НАУРЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Қазақ халқы ықылым заманнан бері Наурыз мейрамын жыл басы санаған. Қаһарлы қыстан аман шыққан қазақ халқы жердің көктеуін Жаңа жылға балап, ұлан асыр той өткізген.
Бүгін мектеп – гимназияда Наурыз мерекесіне орай «Нұр Наурыз – халық тойы» тақырыбында ұлттық ойындар эстафетасы өтті. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Едігеев Әкімжан, Даулетбаев Талғат оқушылардың арасында «Қол күресі», «Арқан тартыс», «Асық ату» жарысын өткізді. Ұлттық ойын түрлерін дәріптеу, мерекелік атмосфераны қалыптастыру мақсатында өткізілген іс-шарада жеңімпаз оқушыларға дипломдар табысталды.