16
март
2023
Конкурстық комиссия отырысы!
2023 жылдың 16 наурыз күні Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында уақытша бос бастауыш сынып мұғалімі (1 бірлік, 16 сағат) лауазымына жарияланған конкурс бойынша конкурстық комиссия отырысы болып өтті. Конкурстық комиссия жұмысы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес жүргізілді. Уақытша бос бастауыш сынып мұғалімі лауазымына 2 кандидаттан өтініш келіп түсті: Мұңзатова Ләзат Адаққызы және Артиқбаева Гулмира Камалбойқызы. Кандидаттар құжаттарын конкурстық комиссия мүшелері бағалау парағындағы қойылған баллдардың дұрыстығын дәлел құжаттарымен сәйкестендіріп, есептеу жүргізді. Бағалау парағы қорытындысы бойынша уақытша бос бастауыш сынып мұғалімі лауазымының біліктілік талаптарына Артиқбаева Гулмира Камалбойқызы сәйкес деп танылды. Конкурстық комиссия отырысы, шешімі хаттамамен рәсімделіп, комиссия мүшелері және хатшының қол қоюымен бекітілді.





