14
март
2023
«БАБАЛАР ӨСИЕТІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ПІКІРСАЙЫС ӨТТІ!
Бүгін “Ұлыстың ұлы күні-Әз Наурыз” мейрамының қарсаңында “Ұшқыр ойлар алаңы” дебат клубының ұйымдастыруымен “Бабалар өсиеті” тақырыбында пікірсайыс додасы өтті. Доданың дресс коды:ұлттық нақыштағы киім деп бекітілді. Ойынға жалпы саны 6 фракция қатысты. Пікірсайысшылар салт-дәстүр, әдет-ғұрып, қазақи құндылықтар төңірегінде пікірталасты. Оқ бойы озық көрініп, шешендігімен, тапқырлығымен танылған оқушыларға дипломдар табысталды.