23
январь
2023
САЛТ-ДӘСТҮРІМ - ТАУСЫЛМАЙТЫН БАЙЛЫҒЫМ
CАЛТ-ДӘСТҮРІМ - ТАУСЫЛМАЙТЫН БАЙЛЫҒЫМ

Жазушы Ғабит Мүсіреповтің «Өткенді білмей, келешекті білу мүмкін емес. Бұрынғының парқын білгендер ғана бүгінгінің нарқын білер» – деген сүбелі сөзі бар. Сан ғасырдан бері халқымызбен жасасып келе жатқан әдет-ғұрып, салт-дәстүріміздің қолданысына, оның эстетикалық көркемдігі мен тәрбиелік мәніне мүмкіндігінше қанық болғанымыз дұрыс. Жақсы жарасымын тапқан салт-дәстүрлер қазақ халқының пайым-түсінігімен, психологиясымен, тектілігімен астасып жатыр. Салт-дәстүр – ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпағын қасиетті салт-дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен, ырым-тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбиелей білген. Салт-дәстүр – халық өмірінің айнасы.
Іс-шара барысында қатысушылар ой-пікірлерімен бөлісіп, салт-дәстүр, әдет-ғұрып тақырыбында сөз қозғады. Байқау төрт бөлімнен тұрды. Әр бөлім өзінше дара, тартысты өтті. Сондай-ақ, 8-сынып оқушысы Динара Паратбекова халық әнін домбырада шырқап, өз өнерін көрсетті. Тілінен, дінінен, салт-дәстүрінен айырылған халықтың құрдымға кетері анық. Біздің сөз еткеніміз салт-дәстүрлердің аз ғана бөлігі. Ал қазақтың тектілігін танытып, көрегендігін көрсететін әлі де қаншама қасиетті дәстүрлер, жөн-жоралғы, әдет-ғұрыптар бар. Қолданыстан шығып, ұмыт болған дәстүрлерді жаңартып, қайта ұстану өз қолымызда.





