02
март
2023
ТАТУЛЫҚТЫ САҚТАҒАН – ТЕКТІЛІКТІҢ БЕЛГІСІ!
Бүгін мектеп-гимназияда «Рухани тәрбие – ізгіліктің бастауы» апталығының барысында 9 «Д» сыныбының жетекшісі Байғазиева Қ.Р. «Татулықты сақтаған – тектіліктің белгісі» тақырыбында даналық сағатын өтті. Сабақ барысында оқушылар берілген сұрақтар төңірегінде пікір алмасып, тақырыптық бейнероликтерді тамашалады. Сонымен қатар, оқушылар постер қорғап, көрініс көрсетті.
Мақсаты: оқушыларды Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу, жас жеткіншектердің бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымақтыққа, достыққа, Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.







