17
февраль
2023
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – ҚҰНДЫЛЫҚ БАСТАУЫ!
17 ақпан күні мектеп-гимназияда «Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы» апталығының аясында 7 «Е» сыныбының жетекшісі Кошкимбаева А.Б. ұйымдастыруымен «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында викториналық ойын өтті. Отанға деген сүйіспеншілікті, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, өз халқының тарихи мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу, қарым-қатынас мәдениеті, оқушылардың ақыл-ой қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту мақсатында өткен іс-шарада оқушылар ой-өрісі ұшқырлығы, шапшаңдығы, жүйелі жауап беруі арқылы кезеңдерге өтіп отырды. Сайыс қызықты да, тартысты өтті. Оқушыларға белсене қатысқаны үшін дипломдар табысталды.








